Фото: Полиция департаменті
Қызметтік міндетін орындау кезінде патрульдік полиция инспекторын көлік қағып қаза болды, деп хабарлайды Ult.kz Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің басшылығы қаза болған қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда тергеу органдары оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.
Қайғылы жағдай 2025 жылғы 7 желтоқсанда Астана–Ерейментау-Шідерті автожолында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен. Инспектор жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерді ескертіп, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы сигнал берген.
Полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайы мұқият және объективті түрде тергелетінін атап өтті.
