25 сәу, 2021 сағат 20:40

Ақмола облысында қойшы ұлдарымен бірге дала өртін сөндірді


Көкшетаудың іргесіндегі Станционный кентінің тұрғыны қойшы Әбсәлем Құсман ұлдары Иманәлі мен Ернұрмен бірге 300-400 шаршы метр аумақты шарпыған дала өртін сөндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Станционный кентінің әкімдігінің мәліметінше, 24 сәуірде кешкк карьердің айналасындағы құрғақ шөп өртенген. Кент әкімі Ардақ Тасқынбай өрт шыққан жерге барған. 

«Карьер маңында жүрген ер адамды көрдім. Бастапқы да оны шөпті өртеп жүрген осы кісі деп ойладым. Кейін оны керісінше дала өртін сөндіріп жүргеніне көзі жетті. Оның екі ұлы да үстіндегі сыртқы киімін шешіп әкелеріне өртті сөндіруге көмекстесті», - дейді кент әкімі А.Тасқынбай.

Анықталғандай, кент тұрғыны Әбсәлем Құсманға өртті сөндіруге 11 және 12 жастағы ұлдары көмектескен.

«Мен қойшымын. Түскі уақытта отардың басында балаларымды қалдырып, өзім үйге түскі ас ішуге кеттім. Бір кезде түтінді көріп, кейін қайттым. Барсам шөп өртеніп жатыр екен. Бірден өртті сөндіруге кірістім. Алдымен ұлдарым, кейін кент әкімі келіп көмектесті», - дейді Әбсәлем Құсман.

Айта кетсек, өрт 300-400 шаршы метр аумаққа жайылған. Өрттің тез таралуына қатты жел әсер еткен. Абырой болғанда өрт бір жарым сағаттың ішінде сөндірілді.