Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысы қанша екенін жария етуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында журналистің сауалына жауап берген аймақ басшысы оның жалақысының басқа облыс әкімдерінің жалақысынан еш айырмашылығы жоқ екенін айтты.
"Бұл сұрақ әріптестеріме бірінші мәрте қойылып тұрған жоқ. Қайталап айтамын, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы еңбек өтіліне байланысты Үкімет қаулысы негізінде белгіленеді. Мен әріптестеріммен бірдей жалақы аламын", - деді Сапарбаев.