27 қыр, 2022 сағат 18:58

Ақан Сатаев "Қазақфильм" басшысы қызметінен кетті


Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев белгілі режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ басшысы қызметінен кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Құрметті достар, осы жазбамда талантты және табысты режиссер Ақан Сатаевқа "Қазақфильм" АҚ президенті ретіндегі қажырлы, бастысы және жемісті қызметі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Бүгін Ақан Қарғамбайұлы аты аңызға айналған киностудия басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Оның шығармашылық жолында да кино өнерінің дамуына септігін тигізетін серпінді жобалар әкелетініне сенімдімін", - деп жазды Дәурен Абаев Facebook-парақшасында.

Дәурен Абаевтың facebook-парақшасынан