Фото: ашық дереккөз
Бүгін таңғы сағат 07:38-де Алматы-Астана бағытындағы Air Astana ұшағының салонында түтін шығып, экипаж апаттық сигнал жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Ұшақ сағат 07:40-та Алматы әуежайына сәтті қонды. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
