21 қаң, 2026 сағат 12:59

Аида Балаева: Балалардың әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр

Фото: Үкімет

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Оның сөзінше, Мәдениет және ақпарат министрлігі 16 жасқа толмаған азаматтар үшін әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салуды көздейтін онлайн-платформалар мен БАҚ қызметін реттейтін заң жобаларын әзірледі.

«Халықтың медиасауатын арттыруға және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта салалық журналистиканы дамыту комиссиясы және басқа да тетіктер арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен БАҚ арасындағы жарнама бөлу және кейбір тауарларды жарнамалауға тыйымды ішінара алып тастау мүмкіндіктері заңнамалық тұрғыдан қарастырылады», - деді Аида Балаева.