30 там, 2016 сағат 20:12

Ағылшын тілі және ана тілінің тағдыры

Мүбарак Шах Miakhel Консультант, инженер-электрик.

Ауыл шаруашылығы нарығының инфрақұрылым жобасы (AMIP) Ауыл шаруашылығы, ирригация және мал шаруашылығы министрлігі, Кабул, Ауғанстан

Біз үшін ана тілімен қоса ағылшын тілі де маңызды. Неге?

Тіл адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі құралы болып табылады және адамзат тарихында маңызды рөл атқарды. Тілдер тарихы - ел тарихы. Тіл тарихы арқылы біз кейбір ұлттағы өзгерістерді байқаймыз. Халықтың жаны сөз бен тіл арқылы арқылы беріледі. Өркениетті халықтарды тану - олардың мәдениетін білу, азық-түлігінен бастап өмір сүруі стилі дейін білу, тану. Яғни, жақсысын үлгі ретінде пайдаланып, жаманынан жеру.

Әр елдің тілінде, сөздің мәні мен мағынасы тіл арқылы беріледі. Әр халық тілін дамытуға, сақтауға көп  интеллектуалдық күш жұмсайды. Сөздің мәнін сақтауға және мағынасын кеңейтуге тырысады. Олар өз тілін тек тірі сақтаумен қатар және ары дамыту, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы дәуірі сәйкестендіруге өз тіліне ықпал жасауға тырысады. Олар ана тілінде түрлі ғылыми, тарихи-діни кітаптар жазып жатыр. Сонымен қатар, академиялық басылымдардың барлық түрлерін ұсынуға және олардың ана тілін динамикалық байланыс жасап сақтайды. Және де мемлекеттік құжаттама құралы ретінде пайдаланады.

Бірақ отарлық кезеңде, АҚШ, Ресей, Франция, Ұлыбритания сияқты супер державалар өздерінің мәдениетін отарлық әдістермен тәуелді жұртқа өз тілін тықпаштады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы технологиялар  және ғылыми зерттеулер мен технологиялар тек ұлы тілдер арқылы ғана тарайды. Сондықтан дамыған халықтардың тілдерін ұстануға және үйренуде біз кенжелемеуміз керек.

Ағылшын тілі бүгінде ең үстем халықаралық тілдердің біріне саналады. Кейбір статистикалық деректерде шамамен екі миллиард адам бұл тілді пайдаланады. Ағылшын тілі жаңалық тілі, мүмкіндігіі мол тіл. Ал құжаттамаларда ресми тіл ретінде кең пайдаланады. Ағылшын тілі мектептерде, колледждерде мен жоғары оқу орындарында ғылым мен білім құралы ретінде өз қызметін атқарады. Германия сияқты елдерде, Норвегия, Швеция, Дания, Нидерланды, Үндістан, Пәкістан және басқа да көптеген елдерде іс жүзінде екінші ресми тіл ретінде пайдаланылады. Әлемдік ғылыми-зерттеу жұмысы, бизнестің көпшілігі ағылшын тілінде жүргізіледі.

Ағылшын тілі көптеген қызықты ақпараттар береді. Оны түсіну, жазу, оқыту мен оқуы аса күрделі емес. Бұл тілдің қытай тілі сияқты аса қиындығы жоқ. Ағылшын тілі - көпұлтты ортада көптеген коммуникациялық мүмкіндіктер береді. Мұндай жағдай бизнес және ғылыми-академиялық, ғылыми-зерттеу жұмысқа жеңіл жол ашады.

Алайда ағылшын тілінің кәсіби тіл ретінде бірқатар кемшіліктері бар. Әлбетте, ол үстемдік тілі болса  басқа тілдерге, әсіресе ана тілдеріне зиян келтіруі мүмкін. Азия және Африканың кейбір ұсақ тайпалары, ұсақ этностары қазірдің өзінде өз ана тілдерін ұмытып, жойлып кетудің аз-ақ алдында тұр. Мәселенки Ресейде, Қытайда, Жапонияда, Таиландта және араб елдерінде ана тілдеріне бөгеу болмай және жергілікті тілдерге жағаласпай, бейтараптықты ұстанады. Әр елде өз тілін көтермелеу және оқу-әдістемелік, тілдік ортаны сақтап, байланыс және бизнес көзіне айналдыруға тырысады. Әр мемлекет өз ана тілдерінде өздерінің ғылыми зерттеулерін жүргізіеді. Төл тілге жәрдемдесу шараларын қарастыруға ынталы.

Қорытындылай келе, ағылшын тілі және жергілікті тілдер бірдей маңызды екенін айтқымыз келеді. Әлемдік дәрежеде аталатын тілдер жаһандық  аумақта қажеттілік тудырады. Егерде екі тілді параллель ұстасаңыз оларды үйренуге жеңіл болады. Ана тілін оқытуда, география, тарихты қамту маңызды, моральдық мәні мен сол жолды таңдағандар мәдениетін сақтай алады. Ағылшын тілін үйрену маңызды, ал бірақ ұлт тілдерін сақтамау өзін ақтамайды, ұлт тілдерді қорғаған қоғамдар гармонияда өмір сүре алады.

Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударған Әзімбай Ғали 

Ұлт порталы