#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Агенттік Қорғаныс министрлігіндегі бюджет қаражатын жымқыру схемасын айтты

  • 13.02.2020
  • 0
  • 376

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова ҚР Қорғаныс министрлігіндегі жемқорлық қылмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлықпен сотталған қызметкерлерінің саны бойынша орталық меморгандар арасында үшінші орында тұр. 2019 жылы мұнда 28 лауазымды тұлға мен әскери қызметші сотталды», - деді Анар Жарова агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Оның айтуынша, жауапқа тартылған 28 қызметкердің 20-сы немесе 75% басқарушы құрам болып шыққан.

«Көп жағдайда әскери бөлімдердің қызметшілері жалған іссапарлар мен жеке құрамға сыйақы беру, әскери киімдер, жанармай және басқа да мүліктерді есептен шығару туралы жалған актілерді жасау жолымен қаражат жымқырған. Қалалық және аудандық қорғаныс бөлімдерінде әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру үшін пара сұралған», - деп атап өтті А. Жарова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар