Құрлықтың экономикасын 2023 жылдың соңына дейін жаңа коронавирус пандемиясы келтірген залалдан қалпына келтіру үшін Африка елдеріне 1,2 триллион АҚШ доллары қажет. Бұл туралы сенбіде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры Кристалина Георгиева мәлім етті, деп хабарлайды News24 жергілікті жаңалықтар қызметі.
«Африка келесі кезеңге төтеп беруі үшін қолдау қажет, оның мәні – қазіргі дағдарыстан шығу», - деп мәлімдеді ХВҚ басқарушы директоры.
Георгиеваның айтуынша, халықаралық институттар мен жекелеген мемлекеттердің Африкаға қаржылай көмек көрсету жөніндегі міндеттемелері қажетті соманың 25%-ына да жетпейді.
ХВҚ бағалауы бойынша биыл Африка мемлекеттерінің жалпы ЖІӨ 2,5%-ға қысқарады. Бұл құрлықтың қазіргі тарихындағы ең нашар құлдырау көрсеткішінің бірі болмақ, дейді сарапшылар.
Қазіргі уақытта Африкада жаңа коронавирус жұқтырғандардың саны 1 548 867 адамға жетті, олардың 37 388-і қайтыс болды.