01 жел, 2025 сағат 12:14

«Адвокаттарым жұмысты аяқтап қалды»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы алғаш рет мәлімдеме жасады


Коллаж: ozgeris.info

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзінің атынан тараған түрлі жазбаларға сенбеуді сұрады, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол TikTok қолданбайтынын айтып, желіде тараған не болса соған сене бермеуге шақырды.

"TikTok деген әлемде мен отырмаймын, қолданбаймын. Менің атымнан жазылған неше түрлі өтірік сөздерге сенбеңіздер. Мақсаттары — әдейі намысқа тиетін сөздер жазып, елдің назарын аудару және комментарий жинау. Адвокаттар бұл мәселеге қатысты жұмысты аяқтап қалды. Көзі ашық, көкірегі ояу 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жандарым, жасанды интеллектіні ажырата алатын шығарсыздар? Не болса соған сене берудің қажеті жоқ", — деді ол.