Видео скриншоты
Адвокат бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамауда болған кезде басталған ауруы асқынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
"Кеше таңертең Елжан Амантайұлының тергеу изоляторында басталған ауруы асқынып кетті. Бұл бірінші рет емес, оған бірнеше рет шұғыл операция ұсынылғанын білеміз. Бірақ ол белгілі бір ойға, жағдайларға байланысты кейінге қалдырды. Ал қазір бұл жағдай қайталанып отыр, ол қазір белгілі бір дәрежеде қозғала алмайды", - деді адвокат Нұрлан Бейсекеев.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес, ауырып жатқанын растайтын құжат 6 қаңтарға дейін ашылған.
"Елжан Амантайұлының қатысуы міндетті болғандықтан, сот процесін шегеруді сұрар едім", - дейді адвокат.
Нәтижесінде сот отырысы 6 қаңтарға шегерілген.