Фото ашық дереккөзден алынды
Әділет министрі Азамат Есқараев Елбасы туралы конституциялық заң жойылғаннан кейін не өзгереді деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
"Экс-президент үшін қол сұға алмаушылықтың барлық кепілдіктері сақталады. Тұңғыш Президенттiң ар-намысы мен қадiр-қасиетіне ешкім қол сұға алмайды. Және бұл заңмен қудаланады", - деді ол.
Ол экс-президенттерге берілетін кепілдіктер оның отбасы мүшелеріне қатысты емес екенін баса айтты.
"Бұл отбасы мүшелеріне қатысты емес, тек оған ғана қатысты", - деп қосты Есқараев.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, заңда бұрынғы президенттің отбасына қол сұғылмаушылық кепілдіктері қарастырылмаған.