03 қыр, 2017 сағат 01:19

«Абу-Даби Плазадағы» жанжалдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ- ІІМ

«Абу-Даби Плазадағы» жанжал барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Абу-Даби Плазадағы» жанжал барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 2 адам жеңіл жарақат алды. Жанжал аяқталып, болған оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Алмас Садубаев.

Айта кетерлігі, бұған дейін Алмас Садубаев елордада салынып жатқан «Абу-Даби Плазадағы» жанжалды мас үндістандық шығарғанын айтқан болатын.