16 сәу, 2025 сағат 10:44

Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде «Сағыныштың түсі» атты көрме өтті

Фото: МАМ

2025 жылдың 15 сәуірінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қолөнер шебері, суретші Тұрбай Мұратбектің «Сағыныштың түсі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.  Экспозицияда 40-тан астам инемен кестеленген жұмыс ұсынылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Суретші туындының құрылымы мен түстік түзілімін түрлі-түсті жіптер  арқылы ойнатып, кескіндемелік жолақтарды, жағыстарды және кескіндерді аса дәлдікпен кесте арқылы көрсетеді. Жалпы суретшінің көрмеге қойылған жұмыстарынан – түстің қанықтығы, құрылымның нақтылығы байқалады. Автор туындыларының тағы бір ерекшелігі –  дәстүрлі ою-өрнектерді шебер қолдануы. 

Фото: МАМ

Көркемөнердің ішінде балалық шаққа арналған тақырыптар да бар. Ол өз еңбектерінде ауылдың бейқам өмірін, бала көңілдің тазалығын, жан дүниенің тыныштығы мен сағыныш лебін  көркем шеберлікпен жеткізген. Көрме 4 мамырға дейін жалғасады.

Фото: МАМ