Абай күніне орай Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі Бельгиядағы ең ірі Корольдік кітапхананың қорына қазақтың ұлы ақыны, композитор, ағартушы-ойшылы Абай Құнанбайұлының француз тіліндегі «Қара сөздер» жинағын тапсырды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бельгия тарапына қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың өмірі мен оның құндылықтары туралы ақпарат берілді. Абайдың құндылықтары бельгиялық әйгілі ақын Гидо Гезелльдің құндылықтарына ұқсас. Сонымен қатар, француз тіліндегі «Қара сөздер» жинағы Брюссельдегі муниципалдық кітапханалар мен мектептерге сыйға берілді.
Бельгия Корольдік кітапханасы 1837 жылы құрылған және елдегі ең үлкен кітапхана. Кітапхананың 17-қабаттық қорында 6 млн. астам кітап бар.