12 мау, 2023 сағат 09:18

Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалды - Бас прокуратура

© Photo: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"9 маусымда Абай облысының орман алқабында орын алған өрт дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу). Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қылмыстық іс арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне қабылданды. Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Сонымен қатар адамдардың қаза болуына және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды назарға ала отырып, арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Оны тергеп-тексеру аясында жауапты лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі" - делінген хабарламада.