24 сәу, 2023 сағат 18:24

Абай облысында жолдағы жанжал адам өлімімен аяқталды: алқабилер үкім шығарды

Фото:elements.envato.com

Жолдағы жанжалға байланысты адам өлтіру оқиғасы: Абай облысында алқабилердің қатысуымен алғашқы сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Абай облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Қазылар алқасы былтыр Үржар ауылында болған атышулы істі қарады. Сол кезде жергілікті кәсіпкер қайтыс болған еді.

"Дауыс берушілердің ортақ пікірі бойынша сотталушы А.-ның атыс қаруын қолдана отырып, бұзақылық ниетпен Н.-ны өлтірген кінәсі туралы шешім қабылданды. Кісі өлтіру себебі жолдағы қарапайым жағдай болды, онда сотталушыға жүргізушінің мінез-құлқы ұнамаған. Сотталушы жолда автокөлікті тоқтатуды талап еткен", - делінген облыс прокуратурасы хабарламасында.

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша Үржар ауылының тұрғыны кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.