«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Әуе шабуылына қарсы 31767-Л әскери бөлімінің сарбазы Арман Қайыржановтың бойы 2 метр, 8 сантиметр. Аяғына 50-ші өлшемдегі аяқ киім киеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Қатардағы жауынгер Арман Қайыржанов Павлодар облысы, Екібастұз қаласының тумасы. Сарбаздың отбасы да бойшаң екен. Оның ата-анасы, апайы мен қарындасы да көпшілік арасында бірден көзге түсетін көрінеді.
Арманға кез келген кереует сай келе бермейді. Сондықтан әскери төсекке 50 см қосып ұзартуға тура келген. Ал әскери киім мен аяқ киімді арнайы тапсырыспен тіктіртіпті.
Фото: Abai_aqparat
