Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Орталық ашудың мақсаты – Абай университеті, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі, «Абайтану академиясы» ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, музеймен шетелдердегі Абай орталықтары арасындағы байланысты нығайту, Абай мұрасын жастар арасында насихаттаудың инновациялық формаларын айқындау, деп хабарлайды Ult.kz.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі Семейде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы базасында өтті.
Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау хатын жолдады.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі