Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін әлемді жайлаған бір инфекция бар. Өте қауіпті індет. Ол – коронавирус инфекциясы. Бұдан сақтанудың бір-ақ жолы бар, ол – бетперде тағу, вакцина салдыру. Мен 90-нан асып бара жатырмын. Вакцина салдырдым. Үйге келіп екті. Ешқандай қауіп жоқ, ұйқым жақсы. Қауіпті індеттен сақ болу үшін вакцина салдырыңыз», - деді Төрегелді Шарманов.
Академик Sinopharm шығарған Vero Cell вакцинасын салғызды.
Төрегелді Шарманов қауіпті індетке қарсы тұру үшін жұртты вакцина алуға шақырды.
Сондай-ақ ғалым қазақстандықтарды вакцина туралы жалған жаңалықтарға сенбеу керектігін ескертті.
«Қазір «вакцина қауіпті» деген жалған ақпарат таратылып жатыр. Сенбеңіз, вакцина – бұл қорғанудың жалғыз жолы және жақын адамдарыңызбен бірге болудың жалғыз мүмкіндігі», - деді ғалым.
Төрегелді Шарманов 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының президенті.
Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Маман тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесіне ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады.
