Жапонияның шығысындағы 9 жасар ұл колледж түлектері тапсыратын тестілеуден өтті. Тест ұйымдастырушыларының айтуынша, ол тапсырманың барлығын орындаған ең жас қатысушы болған, деп хабарлайды Kyodo News.
Хего префектурасы Нисиномии қаласындағы бастауыш мектептің 4-сынып оқушысы Шого Андо (Shogo Ando) осы жылдың қазанында Сугаку кэнтэй тестінің алғашқы кю тест жоғары деңгейін тапсырған. Андо Хирото Такахаси (Hiroto Takahashi) орнатқан рекордты жаңартқан. Ол бұл тестті 11 жасында тапсырған болатын.
Андо тестілеуге жеті жасынан дайындалған. Баланың айтуынша, ол математикадан алған білімін қоғам дамуына жұмсап, жаһандық жылынуды төмендету секілді зерттеулер жүргізгісі келеді.
Сугаку кэнтэй тесті 14 деңгейден тұрады. Олардың әрқайсысы күрделі және білімді қажет етеді. Ең жеңіл 14-ші кезеңді мектепке дейінгі балалар тапсырады. Жыл сайын 350 000 адам осы тестті тапсырады. Алғашқы кю тестте түрлі пәндер қамтылған. 1-ші кю тесттің соңғы кезеңіндегі өту балы 14,4 процентті құрайды.