Бішкекте №49 орта мектептің 3 «К» сыныбының оқушысы 9 жастағы Нұрмұхамед Жұмабековке ТЖМБ басшылығы жанып жатқан үйден адамдардың өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін «Құрмет грамотасын» салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кabar агенттігіне сілтеме жасап.
ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрмұхамед үйінде болған өрт кезінде өзінің інілері - 2014 жылы туған Н.Б. Жұмабековты, 2016 жылы туған А.Б.Жұмабековты және 2018 жылы туған Н.Б. Болотбековты құтқарған.
Еске сала кетейік, осы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 13:44 шамасында Первомай ауданының Месарош көшесіндегі №85-үйде өрт шыққан болатын. Өрт салдарынан аумағы 90 шаршы метр уақытша баспана жанған. Өрттің шығу себебі нақтылануда.
Өрт орнында №6 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің бір өрт сөндіру бөлімі жұмыс істеді.
