09 ақп, 2019 сағат 12:55

9 млн теңге жымқырған қазақстандық Доминиканнан экстрадицияланды

Бүгін ҚР Бас прокуратурасының және ІІМ-нің қызметкерлері Доминикан Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Марина Орумбаеваны (Невская) экстрадициялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оны Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  9 млн теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіре отырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген күдікпен іздеген.

Орумбаева қылмыстық қудалау органынан жасырынған және халықаралық іздеуде болған.

«Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұратуын шетел билігі өзара қарым-қатынас қағидасында қанағаттандырды.

Қазіргі уақытта ұсталушы Астана қаласының тергеу изоляторында», - делінген хабарламада.