09 қаң, 2021 сағат 11:53

85 мың оқушыға Қазақстанда шығарылған компьютер тапсырылды

2020 жылы Қазақстанда шығарылған 85 267 компьютер мектеп оқушыларына табысталды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Үкіметінің көмегімен мектеп оқушыларына отандық сегіз өндіруші жасап шығарған 85 267 компьютер техникасын тапсырды. 

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, оның ішінде Үкімет резервінен бөлінген қаражат шеңберінде 74 711 компьютерлік техниканы жеткізуге 4 отандық өндірушімен келісімшарт жасалған («Логиком» АҚ, «Киров атындағы зауыт» АҚ, «Атеко» ЖШС және «РОМ Компьютерлік орталығы»).

Осы келісімдердің арқасында компаниялар 160 жаңа жұмыс орнын ашып, өндіріс көлемін өткен жылмен салыстырғанда 2,5 еседен астам өсірді (5,5 млрд теңге). 

Бүгінгі күні отандық өндірушілер компьютерлік техниканы жеткізу бойынша барлық келісімшартты толығымен орындады.

«Қысқа мерзімге, компоненттердің жетіспеушілігіне және логистика проблемаларына қарамастан отандық компаниялардың көпшілігі барлық міндеттемелерді уақытында орындауға күш салды. Сонымен қатар, пайдаланушылардан өнімнің сапасына қатысты шағымдар болған жоқ, өйткені тәжірибесі мол және өнімдерді сынау үшін қажетті жабдықтары бар бұл компаниялар сапаны 3 жылға дейін кепілдікпен қамтамасыз етті», - дейді министрліктегілер.