31 қаңтар күні Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей және Қырғызстан елдерінен барлығы 17 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, кеше елімізге шетелден 2 577 жолаушы ұшып келді. Оның 1933-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 644 жолаушы келді, барлығы да - ҚР азаматтары.
Атап айтқанда:
- Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 461 жолаушы, анықтамамен - 1 174, анықтамасыз - 287;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 116 жолаушы, анықтамамен - 759; анықтамасыз - 357.
«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді министрліктен.
Сондай-ақ 30 қаңтар күні анықтамасыз ұшып келген Қазаққстанның 447 азаматының ПТР-талдау нәтижелері дайын болды. Оған сәйкес, «Анталия – Алматы» рейсінің 1 жолаушысынан коронавирус инфекциясы анықталды.