12 мам, 2021 сағат 09:37

6 өңір - «қызыл», 5 өлке «сары аймақта» тұр


12 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгінде «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.

«Сары аймақта» Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл аймақта»: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.