02 шіл, 2025 сағат 14:08

«50 күнде бес ел мен 30-дан астам қала»: Халықаралық экспедиция Қазақстанда жалғасып жатыр


Фото: «Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясынан


«Еуразия жүрегіне саяхат» – Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің пікірлестерін біріктірген халықаралық жоба. «Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясының қатысушылары Түркістан қаласына жетті, деп хабарлайды Ult.kz.


Құрамында 70 адам бар топ мәдени-тарихи әрі индустриален бағыт бойынша Қазақстанның өңірлерін аралап жүр. Кеөшпелі экспедицияның мақсаты елдер арасындағы достық, ынтымақтастық, серіктестік бағыттарын нығайту болып саналады.


Экспедицияға қатысушылар киелі шаһарда кешкі субұрқақтар шоуын, ұшатын 8D «Алтын самұрық» театрын тамашалап, Орталық Азиядағы нағыз шығыс ертегісіне енгендей әсер алды. Ал келесі күні экскурсия кезінде кесене, көне қалашықты қайта жаңғырту, заманауи этно-саябақтарды тамашалап, киіз үйде дәстүрлі дастарханнан дәм татты.


«Біздің мақсаты мақсатымыз   мемлекеттеріміз арасындағы көлденең байланыстарды қалыптастыру. Бұл саяси жоба емес, бұл достыққа негіделген бастама. Біз мұны үлкен ұжым болып, бірлесе дайындадық. Және осы байланыстардың нығаюына, дамуынабар күшімізді салып келеміз. Халықтар бір-бірінің көрші елдерінің өмірімен, мәдениетімен танысса дейміз», – дейді экспедиция жетекшісі Михаил Брусиловский. 


Фото: Туризм және спорт министрлігі


«Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы Мәскеу қаласынан басталған. Екі ай ішінде қатысушылар 8 мың шақырымнан аса жол жүріп, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріндегі 30 қалаға барады. Қазақстан аумағындағы маршрут елдің оңтүстігі мен батысындағы негізгі мәдени және туристік бағыттарды қамтиды. Олардың қатарында Ақтөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз және Алматы қалалары бар.


«Біз Мәскеуден осы күнге дейін 4 мың шақырымнан астам жолды еңсердік. Жалпы маршрут ұзындығы 8 мың шақырымнан асады. Экспедиция 51 күнге жоспарланған. Осы сапара барысында бізбен бірге бес азиялық блогерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып жатыр», – дейді экспедиция қатысушысы Мухоммеджон Байжанов.


Иә, 50 күн ішінде экспедицияға қатысушылар бес ел мен 30-дан астам қаланы аралайды. Әр қалада бизнес-форумдар, ғылыми сессиялар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған. Жобаның мақсаты – жаңа байланыстарды қалыптастыру, ортақ тарихи-мәдени кеңістікті нығайту және Орталық Азияда тұрақты ынтымақтастық алаңын құру.


7400 шақырымдық автошеру Ресей Федерациясының облыстарын қамтыды және Қазақстан Республикасы арқылы жалғасып жатыр. Одан әрі бағыт Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасының аумағы арқылы өтеді. 5 мемлекет пен 30-дан астам қаланы біріктіретін «Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясы 6 маусымда Мәскеуде басталды және 22 шілдеде Душанбеде аяқталады. 


Ақбота Мұсабекқызы