30 сәу, 2021 сағат 11:50

44 мың алматылық «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін салдырды


Алматыда бір тәулікте 6623 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«29 сәуір күні 6623 алматылық вакцина салдырды, оның ішінде 198 адам «QazVac» вакцинасын алды», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 30 сәуірі аралығында барлығы 209 197 адамға екпе салынды. «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін 44705 адам алды.

Бүгінгі күні қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.