16 сәу, 2020 сағат 11:02

42 500 теңге: алаяқтар жалған Telegram-боттар жасады

Телеграм мессенджерінде "42500" әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғанын бұрын да хабарлаған едік. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды. 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мұндай телеграм-боттардың жалған екенін және оларға алданып қалмауыңызды ресми түрде ескертеді.

Сіздерді 42500 тг. жәрдемақыға өтінімді төменде көрсетілген ресми боттар арқылы берулеріңізді сұраймыз. Бұл боттар тек өтінім қабылдайды және қандай да бір шотқа төлем төлеуді ұсынбайды. 

Ресми боттардың тізімі: 

  1. https://t.me/Help42500Bot
  2. https://t.me/NurSultan42500Bot
  3. https://t.me/Almaty42500Bot
  4. https://t.me/Shymkent42500Bot
  5. https://t.me/JambylObl42500Bot
  6. https://t.me/Kostanai42500Bot
  7. https://t.me/Karagandy42500Bot
  8. https://t.me/Atyrau42500Bot
  9. https://t.me/Turkistan42500Bot
  10. https://t.me/Aqtobe42500Bot
  11. https://t.me/Pavlodar42500Bot
  12. https://t.me/Mangystau42500Bot
  13. https://t.me/ZKO42500Bot
  14. https://t.me/Qyzylorda42500Bot
  15. https://t.me/SKO42500Bot
  16. https://t.me/VKO42500Bot  
  17. https://t.me/AlmaObl42500Bot
  18. https://t.me/Akmol42500Bot

Сондай-ақ, egov.kz және  42500.enbek.kz. сайттары арқылы да өтінім бере аласыз.