Батыс Қазақстан облысында 406 мың дана масканы Қазақстаннан Ресейге алып бара жатқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2029-әскери бөлімі командирінің орынбасары Асқар Қазбековтің мәлім еткеніндей, оқиға 15 сәуір күні сағат 20.00-де «Сырым» автоөткелінде тіркелді.
Қазақстандық азамат айдап бара жатқан «ДАФ» жүк көлігін тексерген кезде бір рет қолданылатын 406 мың дана маска табылды.
Оның бастапқы құны – 36,108 млн теңге.
Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын сыртқа әкетуге тыйым салынғаны белгілі.
Материал БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді.