Қазақстанның 40 азаматы Беларусь елінен отанына оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыртқы істер министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Беларусь Республикасының мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен біздің 40 отандасымызды, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған 6 баланы Қазақстанға қайтару жұмысы сәтті жүргізілді» делінген хабарламада.