21 жел, 2021 сағат 11:05

30 жыл бұрын ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл бұрын Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) қағидаттары туралы декларацияға қол қойылғанын еске алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"21.12.1991 жылы Алматыда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды. 30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.