05 жел, 2023 сағат 16:20

30 инновациялық білім беру бағдарламасын әзірледік – Саясат Нұрбек

Фото: gov.kz

Еліміздің жоғары оқу орындарында педагог мамандарды даярлаудың 30 инновациялық білім беру бағдарламасы әзірленді, деп хабарлайды Kazinform.

«Дүниежүзілік банк жобасы аясында педагогикалық білім беру әлеуеті күшейтіліп жатыр. Оның ішінде, педагогикалық білім беру моделі әзірленіп, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Осыған дейін 30 инновациялық білім беру бағдарламасы әзірленді», — деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ведомство басшысының айтуынша, инновациялық білім беру бағдарламаларының ерекшелігі зерттеу дағдыларын дамыту, білім беру жүйесін цифрландыру және мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамыту. Сондай-ақ өмір бойы оқыту әдістерін қамтитын инклюзивті педагогиканы жаңартуға баса назар аударылып жатыр.

«Арнайы педагогика» бағдарламасы 13 оқу орнын ерекшелігі бар балалармен жұмыс істеуге арналған. Ол арнайы жабдықтармен және 25 жоғары оқу орны пәндік кабинеттермен жарақтандырылады», — дейді министр.