3 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 819 адам анықталды, 639 адам жазылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында - 137, Павлодар облысында - 106, Солтүстік Қазақстан облысында - 90, Ақмола облысында - 90, Нұр-Сұлтан қаласында - 88, Қостанай облысында - 85, Алматы қаласында 64 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Қызылорда облысында науқас тіркелмеген.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 134 706 адамға жетті: 118 мыңнан астамы жазылған, 2056-ы қайтыс болған.
Дегенмен Қазақстанның Covid статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 42 455 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 446 адам қайтыс болған, 30,6 мыңнан астамы жазылған.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сенсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 14 мың адам ем алуда.
«Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 560 науқас жатыр. 10 440 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 229 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 34 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген министрлік ақпаратында.
Өңірлер бойынша жалпы ақпарат:
Шығыс Қазақстан облысында - 16807 (+137),
Алматы қаласында - 16333 (+64),
Нұр-Сұлтан қаласында -16278 (+88),
Атырау облысында - 11736 (+28),
Қарағанды облысында - 11187 (+23),
Батыс Қазақстан облысында - 8181 (+41),
Солтүстік Қазақстан облысында - 6803 (+90),
Павлодар облысында - 6780 (+106),
Алматы облысында - 5826 (+25),
Қостанай облысында - 5638 (+85),
Ақмола облысында - 5522 (+90),
Шымкент қаласында -5390 (+9),
Жамбыл облысында - 4482 (+15),
Ақтөбе облысында -3502 (+9),
Түркістан облысында - 3500 (+5),
Маңғыстау облысында - 3445 (+4),
Қызылорда облысында -3296 (+0).