Түркістан облысында үш жасар қызын зорлап өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осындай үкім шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айта кетейік, Ордабасы ауданына қарасты Бөржар ауылының 1972 жылы туған тұрғыны Р. Серік өзінің қызын аяусыз зорлап, өлтірген деп айыпталған болатын. Ол өткен жылдың қазан айында мас халде бүлдіршінге азғындық жасаған. Артынша денесіне 38 пышақ жарақатын салған. Бірнеше айға созылған сот отырысы кезінде айыпталушы кінәсін тек кісі өлтіру дерегіне қатысты ғана мойындаған. Тергеу кезінде жасалған психиатриялық сараптама сотталушының дені сау, ешқандай ауытқушылыққа ұшырамағандығын көрсеткен. Перзентін азаптап өлтірген айыпталушы енді сот үкіміне шағым келтірмекші.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.