05 нау, 2026 сағат 16:30

3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен 2111 қазақстандық елге оралды

Фото: ашық дереккөз

4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасады. Осы рейстермен елге 851 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ал жалпы 3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен барлығы 12 рейс ұшып келді, нәтижесінде 2111 жолаушы елге оралды.

5 наурыз күні тағы бірнеше рейс орындалады:

  • - Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы және Жидда – Атырау – Алматы бағыттары бойынша 2 рейс;
  • - SCAT Airlines әуе компаниясы Маскат – Алматы бағыты бойынша 2 рейс;
  • - Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша рейс орындауда. Тәуліктің соңына дейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған.
  • - Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасауды жоспарлап отыр.