04 мам, 2021 сағат 11:50

28 мың алматылық «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін салдырды


Алматыда бір тәулікте 3504 адам коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«3 мамыр күні 3504 алматылық вакцина салдырды. Сонымен қатар, 25 наурыздан бері 2 484 адам QazVac вакцинасын алды», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 4мамыр аралығында қалада барлығы 226 258 адамға екпе салынды. «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін 28 066 адам алды. 

Бүгінгі күні қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.