26 қаң, 2022 сағат 14:23

27 қаңтарда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді


27 қаңтарда «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

«Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен (Жарғының 9.5. тармағына сәйкес) 27 қаңтарда партияның Саяси кеңесінің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды», - деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-де.

Айта кетейік, бұған дейін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезі 28 қаңтарда өтетіні хабарланған еді.

Еске салсақ, былтыр қараша айының соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеді.

Партия жарғысына сәйкес, төрағаны сайлау және қызметінен босату Nur Otan партиясы съезінің ерекше құзыретіне кіреді.