21 сәу, 2021 сағат 06:18

26 қазақстандық коронавирустан көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерде тіркелген қайғылы жағдайлар санын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 сәуірдегі дерек бойынша елімізде 26 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмған. Оның үшеуі КВИ-, 23-і КВИ+. 

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 4,
Алматы қаласы - 5,
Шымкент қаласы - 1,
Ақтөбе облысы - 4,
Алматы облысы - 4,
Батыс Қазақстан облысы - 1,
Қарағанды облысы - 1,
Қостанай облысы – 1,
Қызылорда облысы - 3,
Павлодар облысы – 2.