Кеше, 25 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 820 адам анықталды. Бір күнде 474 адам жазылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, сәрсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (164) тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында - 114, Павлодар облысында - 110, Нұр-Сұлтанда - 77, Алматы қаласында - 77, Ақмола облысында - 75, Қостанай облысында - 63 адамнан, Батыс Қазақстан облысында - 37, Алматы облысында - 30, Қарағанды облысында - 19, Атырау облысында - 14, Жамбыл облысында - 14, Шымкент қаласында - 11, Ақтөбе облысында - 7, Қызылорда облысында - 3, Маңғыстау облысында - 3, Түркістан облысында 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 128 400 адамға жетті: 114 мыңнан астамы жазылған, 2001-і қайтыс болған.
Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 41 427 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 432 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сенсек, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 571 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында 710 бала бар.
Стационарларда 3 198 науқас жатыр. 8 373 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 210 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.