06 мам, 2021 сағат 12:35

240 алматылық Hayat-Vax вакцинасын салдырды


Алматыда бір тәулікте 6 311 адам коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«5 мамыр күні 6 311 алматылық вакцина салдырды. Сонымен қатар, 25 сәуірден бері 2 870 адам QazVac вакцинасын алды», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 

Сонымен қатар, 5 мамыр күні Hayat-Vax вакцинациясын 240 азамат салдырды. 

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 5 мамыр аралығында қалада барлығы 238 606 адамға екпе салынды. Вакцинацияның жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер саны - 30 292. 

Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. 

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп атап өтті басқармадан.