Фото: Shutterstock
Елді мекен ішінде жүк көліктерінің жылдамдығы сағатына 50 км-ден аспауы тиіс. Ал арнайы белгілер орнатылған учаскелерде бұрынғыдай 80–90 км/сағ жылдамдық сақталады, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.
Қолайсыз ауа райында жүргізушілерге басып озуға, жолақ ауыстыруға және тоқтауға тыйым салынады. Егер колоннада 10-нан астам көлік болса, оларға екі патрульдік полиция автокөлігі міндетті түрде еріп жүреді.
Сонымен қатар шағын автобустарға қоғамдық көлік аялдамаларында жолаушы отырғызуға және түсіруге рұқсат берілді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жылдамдықты асыру салдарынан 406 адам, ал қарсы бағытқа шығу кесірінен 400 адам қаза тапқан.
