25 ақп, 2020 сағат 08:23

22 ақпандағы митинг кезінде бірнеше қалада 53 адам ұсталды - ІІМ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы жылдың 22 ақпанында бірнеше қалада болған митинг кезінде 53 адамның ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«22 ақпанда Бас прокуратураның бірнеше мәрте жасаған ескертуіне қарамастан кей азаматтар санкцияланбаған митингіге шықты. Сол себепті құқық қорғау органдарының күшімен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу шаралары қабылданды. 53 адам ұсталды. Оның 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 43 азамат профилактикалық тілдесуден кейін үйіне қайтарылды», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілерге.

Министрдің айтуынша, ұсталғандардың көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан болып отыр.