Сурет: sn.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова 2028 жылдан бастап әйелдер қанша жастан зейнетке шығатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2028 жылға дейін әйелдерге арналған зейнет жасы 61 жас деңгейінде бекітілді. Осы қабылданған заңға сәйкес, 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы - 61,5, 2029 жылдан – 62 жас, 2030 жылдан – 62,5 жас және 2031 жылдан бастап 63 жасты құрайтын болады. 2028 жылға дейін тек белгіленген жас көзделген. Бірақ одан кейін жарты жылдан қосылып, еңбек жасы ұлғаятын болады», - деді вице-министр.