12 ақп, 2026 сағат 11:06

2026 жылы пітір садақасының мөлшері қанша болады?

Фото: ашық дереккөз

Биыл бір адамға берілетін міндетті садақа мөлшері 735 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды Ult.kz.

Салыстыру үшін: 2025 жылы пітір садақа 655 теңге болған.

Пітір садақаны және өзге де қайырымдылық төлемдерін Kaspi Bank, Halyk Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит, Alatau City Bank, Bereke Bank мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ «Қазпошта» бөлімшелері арқылы аударуға болады. 

Қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылады.

Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түні күтіледі. Ораза айт 20 наурызда аталып өтеді. Құрбан айт 27–29 мамыр аралығында өтеді.