25 жел, 2025 сағат 14:37

2026 трендтері: AI және әлеуметтік желілер – сарапшы сұқбаты

Фото: Алмас Нахыпбектің жеке мұрағатынан


2026 жылы әлеуметтік желілерде алгоритмдер одан әрі жекелендіріледі: TikTok, YouTube және Instagram пайдаланушының қызығушылығын терең талдап, шағын аудиторияға дәл бағытталған контентті көбірек ұсынады. AI-контент күшейеді –  мәтін, видео, дауыс және монтажды ЖИ арқылы жасау қалыпты үрдіске айналады. Блогерлікте қысқа, интерактивті форматтар (live-шопинг, AI-аватарлар, қауымдастыққа арналған жабық контент) кең тарайды. Шынайылық пен пайдалы микро-контент негізгі тренд болады. Жалпы жаңа технологиялардың жаңалығы туралы Ult.kz тілшісіне Digital-маман, таргетолог Алмас Нахыпбек әңгімелеп берді.

 

2026 жылы TikTok, YouTube, Instagram сияқты платформалардың алгоритмдері қалай өзгеруі мүмкін және бұл контент жасаушыларға қандай әсер етеді?


Барлық әлеуметтік желінің мақсаты бір - қолданушыны сол платформада ұзақ ұстау әрі сол арқылы пайда табу. Алгоритмдер жыл сайын қолданушылардың әрекеттерін зерттей отырып, жаңалықтар енгізіп отырады. Жоғарыда айтып өткенімдей, барлық өзгерістің мақсаты қолданушыны барынша платформада ұзақ ұстауға алып келеді.

 

Инстаграмда болуы мүмкін өзгерістер:


- инстаграмда пост, сторис деген нәрсе кетіп, тек reels қана қалу шансы өте жоғары. Алайда, міндетті емес. Пока тек, beta тест форматта аудиториясы үлкен блогерлерге байқап көруге ұсынып жатыр. Бұл жаңалық толықтай контент жасау, инстаграм жүргізу, контент воронкасын құру форматтарын өзгертеді. Инфобизнес және контент арқылы бизнесіне тұтынушы алып келіп отырған бизнестерге әсер етеді

 

- Instagram алгоритмі сақтаулар мен direct арқылы бөлісулерді лайктардан басым қояды, видео контент фотолардан 2.5 есе артық охват алатын болады. Рилстардің ұзақтығы 7-12 секундқа қысқарады, ал алғашқы 3 секундта көрерменді ұстайтын видеоларға охват 40% -ға көп берілетін болады. ЖИ арқылы пайдаланушының мінез-құлқын талдап, гипер-персонализация жасайды, ал микро-интерактивтер (сауалнама, сұрақтар) охватты 45%-ға арттыратын болады.


Тиктокта болуы мүмкін өзгерістер:


- тиктокта негізгі басымдылық тікелей эфирлерге қойылып жатыр. Барынша қолданушыларды тікелей эфир жүргізуге, стрим жасауға итермелейтін функциялар көбейе түседі. Өздері де сол эфирлерді продвижение жасауды көбейте түседі. Егер тикток қолданушысы болсаңыз, әр 3-4 видеодан кейін тікелей эфирлер шығатынын байқаған шығарсыз. Осы бағытқа қарай жұмыс жасау керектігін, айтпаса да түсінікті шығар.

- TikTok AI құралдары (Symphony) басым болады, видео ұзақтығы 3-5 минутқа ұзарады, коммерция интеграциясы күшейеді (TikTok Shop). Алгоритм терең қарым-қатынасқа (комментарийлер, қайта көру, жергілікті контент) басымдық береді, ал жалпы трендтер мен қысқа би видеоларының охваттарын 60%-ға төмендетеді. Жасанды интеллект 60-70% контент өндірісін қамтиды.

 

Ютубта болуы мүмкін өзгерістер:


- Алгоритм youtube-қа жазылуға қарағанда жеке қызығушылықтар мен retention-ға (AVD - avarage view duration, оқырмандар қаншалықты сіздің каналыңызды қарайтын көрсеткіш және  қаралым уақытына) негізделеді, іздеу арқылы табылу (ASQ, RSP) маңызы қалады. Шағын ютуб каналдарда  ашық табылу жеңілдейді, себебі ниша фокустары және "viewer journey" (видео тізбегі) өсу үшін қажет. ЖИ контентті талдап, сипаттама жазу мен тақырыптарды ұсынуды жеңілдетеді.

 

Жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған мәтін, видео және сурет контентінің көбеюі блогерлік индустрияға қалай ықпал етеді?


Жасанды интеллект арқылы контент жасау өте жылдам танымал, әрі өте қолжетімді болып келеді. Блогерлік индустрия бұл үрдістен тек ұтады. Оның көмегімен блогерлер жұмыстарының көп бөлігін автоматтандыра алады. Мысалы:


контент ойластыру: 4-6  айға контенттің жоспарын небәрі бірнеше күнде жасап, жаңа идея іздеу проблемасынан құтылады;

видео түсіру, сторис жүргізу, рилс жасау: өзінің ЖИ аватарын жасап алып, қалаған уақытында топ мүшелеріне бағыт беру арқылы, жұмыстың едәуір бөлігін жасата алады.


Бірақ, әрбір нәрсенің екінші жағы бар секілді, ЖИ арқылы жасалған контент қатты көбейіп кеткеннен кейін, бәлкім, шынайы форматта блог жүргізетін блогерлер актуалды болуы әбден мүмкін. Алайда, ЖИ дәуірі енді басталып жатқандықтан, оған дейін әлі алыс екенін де айта кету керек.


Одан бөлек, ЖИ технологиясының дамуы  блоргерлік индустрияда жаңа мамандықтар мен сұраныс пайда болуына әсер етіп жатыр. Видео-аватар дайындау, нейро-фотосессия, жи видео, автоматтандырылған жи чатботтар - барлығы осы жаңа мамандықтардың мысалдары.


Қандай жаңа блогерлік форматтар (мысалы, интерактивті видео, VR/AR, қысқа сериалдар) 2026 жылы танымал болады деп ойлайсыз?


2026 жыл қысқа сериалдардың заманы болады деп ойлаймын. Жыл сайын ұзын контенттің қаралым жинауы баяулап келеді. Адамдардың әлеуметтік желілердегі контентті көп пайдаланғанынан да болса керек, reels, тикток секілді форматтарға үйреніп қалдық. Алдымыздағы жыл 1-2 минуттық сериалдардың заманы болады.

Әдетте, белгілі бір коммерциялық проект жасалуы үшін, оның охват болжамы өте маңызды. Ол арқылы неше пайда табылуы деген секілді. Сол үшін, кинотеатрға шығатын өнімнің барлығы жалпы көпшілікке қызықты тақырыптарда жасалады.


Ал, кішкентай тақырыптағы санаулы адамдарға қызықты және маңызды контент әлеуметтік желідегі 1-2 минуттық сериалдар форматына сай келеді. Өндіріс те көп қаражатты қажет етпейді, әрі көптеп, әрі жылдам шығаруға болады.


Кезінде, VR/AR технологиясы тез-ақ белең алып, әлемнің көшірмесі виртуалды әлемде жасалады деп қатты күтілді. Тіпті, адамдар NFT технологиясымен жасалған әлемде шаршы метр жерлерін сатып та бастаған еді. Бірақ. ол нәрсе тез тоқтап қалды. Менің ойымша, VR/AR, интерактивті видео деңгейіндегі технологиялар қазір біздің күнделікті мәселелерімізді шешпегеннен кейін, даму тұрғысынан қатты алға жылжи қоймас.


Алгоритмдер мен AI контент блогерлердің табысын арттыруға қалай мүмкіндік береді?


Жоғарыда айтып өткенімдей, блогердің негізгі жұмысы ол - контент. Ал, контентті әрі халыққа қызықты етіп, әрі автоматтандыра алатын болса, онда табыс тұрғысынан керемет мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.

Әлеметтік желідегі контентті қалай автоматтандырған болса, дәл солай, жарнамамен жұмысты да автоматтандыруға болады. Блогер Пхукетте демалып жүріп те, жарнама алып, оның реализациясын жасай алатын халге жетеді. 


контентті көп жасау арқылы, көбірек табыс табу;

мобилограф жалдамай, видеоларды монтаждайтын ЖИ қосымша қолдану;

подкастты телефон арқылы жасау;

маркетолог ақысын, Chat GPT секілді сервистерге жұмсап, оларды еселеп қайтару.



Пайдаланушылардың контент тұтыну әдеттері 2026 жылы қалай өзгереді?


2026 жылы Контентті пайдалану статикалық форматтан көбірек динамикалық бағытта өзгереді. Адамдар көбірек контенттің видео түрін тұтынады. Әлеметтік желілерде Тікелей эфирлерді бақылау арта түседі.

Бірақ, 2026 жылы дами түсетін тұтынушылардың әдеттерінде мазалайтын нәрсе бар. Ол - ненің шынайы, ал ненің жалған екенін анықтай алмау үрдісі. ЖИ қатты дамығаннан, фейк жаңалықтар мен түрлі өтірік ақпараттар қатты көебейеді. Сол үшін міндетті түрде әр қазақстандық ең кемі ЖИ контент қалай жасалатынын және фактчекинг жасай алуы керек деп ойлаймын.


AI контенттің этикасы мен сапасын бақылау үшін платформалар қандай шараларды қолдануы мүмкін?


ЖИ контентінің этикасы мен сапасын бақылау мақсатында платформалар, мәселен, адамды верификациядан өткізуі мүмкін. Яғни, қолданушы жайлы ақпарат беруін сұрауы мүмкін. ЖИ арқылы жасалған контентті автоматты түрде анықтап, оған белгілі бір белгі тағылуын қолға алуы мүмкін. Белгілі бір тақырыптарда (медицина, 18+, зорлық-зомбылық) контент жасауын шектуі мүмкін.


–  Әңгімеңізге рақмет!


Сұқбаттасқан

Ақбота Мұсабекқызы