16 қаз, 2024 сағат 13:30

2025 жылы Ораза қай күні басталады?

Фото: Pexels.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Ult.kz.

Мүфтият жариялаған кестеге сәйкес, 2025 жылғы Рамазан айы 1 наурызда басталады.

  • - Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түсіп тұр.
  • - Ораза айт – 30 наурыз.
  • - Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға келеді.

Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.