13 ақп, 2018 сағат 12:30

Салық шағын ауылдар мен кенттердің бюджетіне түсіп жатыр - Тимур Сүлейменов

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің 2018 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы бойынша нақты жоспарлар туралы баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратprimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, салық саясатын іске асыру шаралары 2025 жылға дейін ЖІӨ түсетін салық түсімдерін 25%-ға дейін жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұдан өзге, мемлекеттік қарыздар деңгейі ерекше бақылауға алынатын болады. Аталған мәселені шешу үшін ҚР ҰЭМ 2018 жылдың соңына дейін Ұлттық қор тұжырымдамасына қарыз индикаторлары есебінен Үкіметтің ішкі қарызын алып тастау тұрғысынан өзгерістер енгізу жөнінде жұмыс жүргізеді.

«Елдегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті өнідірісі мен экспорттық әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында Инвестициялар және даму министрлігімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, осы бағытта мемлекеттік қолдаудың талдау шаралары жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша бәсекеге қабілетті экспорттық өнімдерді шығаратын «Ұлттық чемпиондар» санын көбейту үшін қызметтер алгоритмі мен шараларды іске асыру бойынша ұсыныстар жасалады», — деді Тимур Сүлейменов.

Сондай-ақ жүргізіліп жатқан құрылымдық реформалар аясында 100 нақты қадам Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсу» үшінші бағытын іске асыруға тұрақты бақылау жүргізіледі.

Министрлік Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруды жалғастырады. Аталған бағытта іске асырылып жатқан жұмысты бағалау мақсатында биыл жалпы экономика, мемлекеттік бюджет пен бизнеске жекешелендіру әсерін есепке ала отырып талдау жасалатын болады.

«Биыл 1 қаңтардан бастап 4-ші деңгейдегі бюджеттер енгізілді. Бүгінгі таңда салық ауылдардың, кенттердің және халық саны 2000 адамнан асатын ауылдық округтердің бюджеттеріне түсіп жатыр», — деді Тимур Сүлейменов.

ҚР Президенті тапсырмаларының өзі жауапты блокта орындалу барысы туралы есеп беру барысында қаржы министрі Б. Сұлтанов биыл 28 ақпанда ҚР ҚМ сынақ режимінде «Астана-1» ақпараттық жүйесін іске қосатынын айтты. Толық ауқымды іске қосу сәуір айына жоспарланған.

Кедендік рәсімдерден өту және электрондық өзара әрекеттесуді жалғастыру кезінде «Бірыңғай терезе» қағидатын енгізу үшін ASYCER платформасында тоғыз рұқсат құжатын (сәйкестік, ауыл шаруашылығы, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы салаларында) автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл сондай-ақ ЮНКТАД жүйесінің платформасында да жүзеге асырылуда.

Бахыт Султанов

«Аталған рұқсат құжаттары бойынша тиісті модульдерді пайдалануға беру 2018 жылдың 1 қазанына дейін жоспарланып отыр. Бұл үшін жүйені тестілеу режимінде мамыр айында іске қосамыз», — деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Кедендік тазарту үшін қажетті қалған 42 рұқсат құжаты бойынша, «Астана-1» жүйесі «E-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасымен біріктіріледі.

Қаржы министрінің айтуынша, Дүниежүзілік банк жобасының аясында қолданыстағы «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі базасында «Виртуалды қойма» модулі іске асырылуда. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық өнімдер бойынша модуль толығымен іске қосылады деп көзделген.

«Сонымен қатар «ИТП» ДКҚ, «IBM» және «PWC»-мен ынтымақтастықта блокчейн-технологияларды пайдалану арқылы ҚҚС басқарудың жаңа әдістерін енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың тамыз айында жаңа ақпараттық жүйенің прототипін енгізу жоспарланып отыр», — деді Бақыт Сұлтанов.

Министр Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2017 жылы салықтық және кедендік тексерулердің саны 45%-ға қысқартылды.

Елдің мемлекеттік қарызына қатысты, қаржы министрлігінің басшысы АХҚО биржасында Euroclear жүйесі арқылы еурооблигацияларды теңгеде шығару жоспарланып отырғанын айтты. Бұдан өзге, қарыз алу көздерін әртараптандыру мақсатында исламдық сукук облигацияларын шығару көзделген.

«Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету осы жылдың көктемінде республикалық бюджеттің нақтылануы барысында жүзеге асырылатын болады. Ұлттық қорды толтыру мәселесі бір жыл бұрын болжанып отыр, яғни, 2019 жылы біз болашақ ұрпақ үшін қаражат жинақтау саясатына ораламыз. Бұған кепілдендірілген трансфертті кезең-кезеңмен қысқарту (2020 жылы 2 трлн тг дейін) және 2018 жылдан бастап мақсатты трансфертті тартудан бас тарту арқылы қол жеткізілетін болады», — деп қорытындылады Бақыт Сұлтанов.