14 қаң, 2022 сағат 10:08

2021 жылы 17,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды


2021 жылдың қорытындысы бойынша 17 540 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,8 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,2%) - Өзбекстаннан, 9,7% – ҚХР-дан, 6% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 5,7% басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (19%), Түркістан (13%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.

Осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 28%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1%-ының жоғары білімі, 40,1%-ының орта кәсіби білімі, 45,6%-ының жалпы орта білімі бар және 3,1%-ының білімі жоқ.