2020 жылы баға азық-түлік тауарларына 11,3, азық-түлік емес тауарларына 5,5, ақылы қызметтерге 4,2 пайызға жоғарылады. Мұндай деректі ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ведомство мәліметінше, өткен жылда бағаның өсуі құмшекерге – 33,9, күнбағыс майына – 33,7, жармаларға – 28,7, жұмыртқаға – 20, картопқа – 16,8, ұнға – 16,3, жаңа жиналған көкөністерге, қой етіне – 15,4, жаңа жиналған жемістерге – 14,9, макарон өнімдеріне – 14,7, сары майға – 13,6, жылқы етіне – 11,9, мәйекті ірімшікке – 11,4, шайға – 11,2, мұздатылған балыққа – 10,1, сиыр етіне – 10, сүтке – 9,7, шошқа етіне – 8, нанға 5,9 пайыз деңгейінде белгіленді. Темекі өнімдері – 14,9, минералды және ас суы – 10,4, алкогольді сусындар 7,8 пайызға қымбаттады. Бағаның төмендеуі тауықтың сирағына – 5,7, сөкке – 2,6, күрішке 1,7 пайыз тіркелді.
Баға өсімі алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарға – 13, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 10,2, дәрі-дәрмекке – 9,9, жеке қолданылатын тауарларға – 9,4, тұрмыстық аспаптарға – 8, автомобильдерге – 7,3, ноутбуктерге – 6,7, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 6,6, ыдыс-аяққа – 6,1, киім және аяқ киімге 4,8 пайызды құрады. Тас көмір – 3,5, бензин 2,5 пайыз қымбаттап, дизель отыны 6,6 пайызға арзандады.
Баға деңгейі құқықтық қызметтерге, жеке көлік құралдарын сақтандыруға – 10, кинотеатрлар қызметтеріне – 8,1, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне – 7,2, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 6,9, денсаулық сақтау қызметтеріне – 6,3, моншаға – 5,7, жерлеу қызметтеріне 5,6 пайыз өсті. Таксимен жол жүру ақысы – 6,8, жолаушылардың теміржол көлігімен 4,2 пайыз қымбаттады, ал әуе көлігімен 6,2 пайызға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға – 20,5, электр энергиясына – 6,5, суық суға – 1, ыстық суға 0,7 пайыз өсті, ал орталықтын жылытуға – 2, кәрізге 1,4 пайыз төмендеді.